ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мәслихат отырысы

17:17, 5 мамыр 2022

Бүгін жетінші шақырылған ШҚО мәслихатының кезекті ХV сессиясы өтті. Жиында облыс бюджетінің орындалуы мен аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру нәтижелері қорытыланды. Өткен жылы  аймақтың экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай артқан. Жалпы өнім көлемі 105,2 процентке артты.

Басқосуда аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу барысы баяндалды. Әр басқарманың көрсеткіштері – басты назарда. Жоспарланған барлық көрсеткіштердің индикаторлары толық орындалған.

Облыста жалпы жиыны 238 бюджеттік бағдарламалар жүзеге асырылған. Бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы да басты назарда. Өткен жылғы бюджет түсімі 614 млрд теңгені құрады.  Ал табыс бюджеті 525 млрд. теңге. Бюджет шығыны бір жылда 120 млрд, яғни 24 пайызға артқан.

Былтыр комиссия құрамы 18 аудиторлық тексеру жүргізді. Тексеру барысында кәсіпкерлік, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық, денсаулық сақтау,  саласында бұзушылықтар тіркелген. Құқық қорғау органдарына тиісті шара қабылдау үшін 21 аудиттік материал жіберілді.

Сондай-ақ, сарапшы Семей мен Абай облысына енген өңірлер бюджеті бақылауға алынатындығын айтты. Соған сәйкес, қосымша республикалық және облыстық бюджеттерден түсетін салымдар көлемі де артады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар