ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

МЕШІТТЕ ВАКЦИНАЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛАДЫ

13:38, 14 сәуір 2021

Өскемендегі «Халифа Алтай» мешітінде вакцинация бекеттері ашылады. Енді мешітке келген жамағат өз еріктерімен індетке қарсы екпені салдыра алады. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Тұрдиев орталық мешіттің бас имамымен кездесіп, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандумның мақсаты – екі тарап бірлесе отырып, елдегі індеттің таралуының алдын алу. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйғарымымен ораза ұстаған адам вакцина алуына болады деген шешім қабылданды. Вакцинаның оразаға еш кедергісі жоқ. Сондықтан денсаулығымызды басты орынға қоя отырып, барлық жамағатты індетке қарсы вакцина алуға шақырамын, - дейді «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Тұрдиев коронавирус инфекциясының таралуын алдын алуда мешіттің мүмкіндіктері мен ресурстарын барынша пайдалануымыз керек дейді. ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, барлық шектеу шараларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ, ауызашарды тек бір отбасы мүшелерінің шағын ортасында өткізуге рұқсат етілетінін еске салды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар