ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

МЭРЛЕР БЕЙБІТШІЛІК ҮШІН

17:17, 2 наурыз 2021

1991 жыл еліміз үшін тарихи даталармен есте қалды. Қазақ елі өз Тәуелсіздігін алып қана қойған жоқ, бұл жылы қырық жыл қырғын салған Семей сынақ полигоны жабылды. Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толды. Бұл ел тәуелсіздігінің алғашқы жылындағы басты оқиғалардың бірі, сондай-ақ, «Невада-Семей» қоғамдық антиядролық қозғалысының жеңісі болды. Сол кезде қазақстандықтар мен басқа елдеріндегі мүдделестерін бір мақсат біріктірді – ол бүкіл әлемдегі полигондарды жабу. Полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойылған сәттен бастап  әлемдік саясатта жаңа дәуір басталды. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет болды. Бұл қадам көптеген елдерде әр түрлі пікірлер қалыптастырды. 29 тамызды Қазақстанның ұсынысымен 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының ядролық іс-қимылдарға қарсы халықаралық күн ретінде бекітуі  де кездейсоқ емес. Сол уақытта осы ұйымның бастамасымен Курчатов қаласында «Жаңа ұрпақ қарусыз әлем үшін» деген тақырыпта халықаралық конференция өтті. Шара аясында Қазақстанның үш қаласына тағы да 9 шаһар қосылды, оның 8-і біздің облыстың Курчатов, Риддер, Алтай, Шемонаиха, Зайсан, Шар, Аягөз және Серебрянка секілді шағын қалалары. Жыл сайын Семейге Жапония елінен «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық антиядролық қозғалысының өкілдері келеді. Бұл ұйым 1982 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде қарусыздану жөніндегі 2-ші арнайы сессиясында құрылды. 1990 жылы наурызда ол БҰҰ-да үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелді. 2012 жылы Семейдегі Бейбітшілік аралында «Қалалар мэрлері ядролық әлем үшін» ескерткіш тасы қойылды. Сонымен қатар, ұйым өкілдері Семейде Хиросимадан кейінгі екінші кеңсесін ашты.

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар