ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

«Мерейлі отбасы» байқауының лауреаттары марапатталды

17:17, 10 қыркүйек 2021

Бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаттары марапатталды. Жүлдегерлер арасында семейлік Темірхановтар жанұясы да бар. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, отбасы құндылығын көпшілікке дәріптей білген отбасы 5 млн. теңгенің сертификатына ие болды.   Отбасы күні қарсаңында дәстүрлі«Мерейлі отбасы» байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Онлайн форматта өткен салтанатты шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ашып,  ел президентінің құттықтау хатын жеткізді. Онда байқаудың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және отбасылық құндылықтарды нығайтудағы маңызды рөлі айтылған. Шара барысында  Мемлекет басшысының атынан лауреат отбасыларға естелік сыйлықтар табысталды. Жүлдегерлер арасында облыстың намысын қорғаған Темірхановтар отбасы да бар. Биыл облыста аталған байқауға қатысуға  200 жанұя ниет білдірген. Көптің ішінде өзгелерден оза шапқан Алтай мен Марина Темірхановтар қаланың мәдени-рухани өміріне араласып, талантты шығармашыл балаларды тәрбиелеп отыр. Көп ұлтты жанұяның шаңырағы осыдан 23 жыл бұрын көтерілген. Отбасында 7 бала бар. Оның 3-ін Алтай мен Марина патронаттық тәрбиеге алған. Айта кетейік, биыл байқауды өткізудің жаңа тәсілдері енгізілді. Соған сәйкес енді жыл сайын республика бойынша 17 үздік отбасы анықталатын болады. Биыл өңірлік конкурстық комиссияларға барлығы 2768 өтінім түсті. Жаңа ережелерге сәйкес өтінімдер тек отбасылардан ғана емес, заңды тұлғалардан да қабылданды.


 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...