ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

"МЕНІҢ КІШІ ОТАНЫМ" ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ

14:38, 15 қазан 2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өңірдің жоғары сынып  оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті. Қазақстан тарихы бойынша онлайн тестілеу ұййымдастырылды. Қатысушылар өз өлкелерінің болашақтағы дамуына арнап жасаған тың жобаларын қорғады. Сайысқа 9-10-сынып оқушылары қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Біріншісі тестілеу болса, екіншісі 4 номинация бойынша өтті. Қатысушылар өздері түсірген бейнерепортаждарын таныстырып, жобаларын қорғады. «Кіші отанымның символы» тақырыбына бейне тұсаукесер жасады. Эссе жазды. Қазылар алқасы әр қатысушыны мұқият тыңдап, барлық шығармашылық жұмыстарымен танысты. Әрбір номинация бойынша ұсынылған жобалар жеке-жеке қарастырылды. Мысалы, «Менің кіші отанымның болашағы» номинациясы бойынша 23 жоба ұсынылған.  «Менің кіші отаным» зияткерлік байқауының 4 жеңімпазы қараша айында онлайн режимде өтетін сайыстың республикалық кезеңіне қатысады. 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар