ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мемлекеттік қызметшілер күні

13:32, 20 маусым 2022

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыс орталығында спартакиада ұйымдастырылды. Атаулы күнге орайластырылған спорттық жарысқа өңірдің аудан-қалаларынан жиналған мамандар қатысты. Шараның  басты мақсаты – мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға жылжытатын - мемлекеттік қызмет. Сондықтан бұл саланы таңдап, жұмыс істеп жүргендерге үлкен жауапкершілік пен міндет артылады. Басты мақсат - ұлт мәртебесін көтеріп, ел абыройын асқақтатату. Өйткені мемлекеттік қызметші әрдайым биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсете білуі тиіс.

Билігі мықты елдің-тірлігі құтты болады деушілердің бірі-Нұрлан Еркебаев. Ол мұндай бейресми басқосулардың өткізіліп тұруы  игі іс дейді.

Спорттық шараға Катонқарағай ауданы асқан дайындықпен келген. Бас жүлдеден де дәмелі екендерін жасырмады.

Жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің жадында.  Олар Отаны мен халқының алдында адал қызмет етуде.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...