ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Мемлекеттік қызметкерлер жазушымен кездесті

13:36, 13 қыркүйек 2021

Өскеменге танымал қазақстандық  жазушы  Жан Ақжанов келді. Автор шығармашылығының ерекшелігі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында қалам тербеуі. Қаламгердің осы бағытта жазылған бірқатар  туындылары отандық әдебиетсүйер қауымға жақсы таныс. Жазушы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын қолдау мақсатында облыстық мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қаламгер 5 жылдан бері жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кітап жазумен айналысады. Оның шығармаларында әлеуметтік бағыт, әр азаматтың басынан өтетін өмірлік жағдайлар терең қозғалған. Бүгінде ол «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Путь врача», «Степь и судьба» сияқты бірқатар кітаптардың авторы.  Жазушының айтуынша, жемқорлыққа қарсы мәдениетті әдебиет арқылы қалыптастырудың маңызы жоғары. Сонымен қатар, қызметкерлер жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында көркем шығармалардың жетіспеушілігін атап, жазушыға парасаттылық, еңбекқорлық, адалдық пен әділдік сынды әдептілік қасиеттері мен адамгершілік құндылықтарын насихаттуға қосып жатқан үлесі үшін алғыстарын  білдірді. Кездесу барысында жиналған қауым жазушының шығармашылығымен жақын танысып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты сауалдарын қойды. Жазушы әдеби құралдар мен фильмдер арқылы да мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға болатынын атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...