ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мемлекеттік қызмет - қоғам айнасы

17:17, 22 маусым 2022

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Өңірімізде бұл салада жемісті еңбек етіп жүрген жандар жетерлік.

Ғабит Аманжолов өзінің 37 жыл еңбек өтілінің 25 жылын мемлекеттік қызметке арнаған азамат. Бүгінде Өскемендегі Еңбек инспекциясы басқармасында әлеуметтік саладағы еңбек заңнамаларын бақылау бөлімінің бастығы міндетінде. Әр жұмыс күні түрлі мәселемен келетін халықтың сұрақтарына жауап берумен басталады. Бұл жерге жүгінетіндердің басым бөлігі еңбек құқықтарына қол сұғылып, әділдік іздеп келгендер.

Бұл мекемедегі мамандарға қойылар басты талап - Қазақстан республикасының еңбек кодексін жатқа білу ғана емес, жан-жақты түсіне отырып сол арқылы жүйелі жұмыс жүргізу. Еңбек қатынастарын реттеудің қағидаларын сақтай келе тараптардың арыз-шағымдарын қанағаттандыру. Осы тұста Ғабит Құмарғалиұлы азаматтардың білуі керек еңбек құқықтарын атап өтті.

Мемлекеттік мекемедегі жұмыс күні халықты қабылдаудан бөлек тексеріс пен бақылау шараларымен де жалғасады. Яғни арыз түскен мекемелерді инспекторлар тексеруден кейін сотқа дейінгі барысын бақылауда ұстайды.

Айта кетейік, былтырғы жылдан елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көтерілген болатын. 40жылға жуық еңбек өтілі бар аға қызметкердің пікірінше, бұл өзгеріс кадрлар тұрақсыздығына оң әсерін тигізген.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...