ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет

13:30, 21 маусым 2022

23 маусым күні мемлекеттік қызметкерлер кәсіби мерекелерін атап өтеді. Олар ел Президенті міндеттеген тапсырмаларды іске асырушы, мемлекет мүддесін биік қойып, елге адал қызмет етушілер. Мереке қарсаңында облыс аумағындағы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күндерін бағамдадық.

Раушан Мұқашеваның мемлекеттік қызметте жүргеніне 13 жыл. Өткен жылдың қазан айынан бастап Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалған.

Ауылда қолға алынған шаруа көп. Жаз келісімен жұмысын бастайтын «Этно-ауыл» қымыз-қымыранымен туристерді күтуде. Әкімдік мамандарының басшылығымен мемлекеттен қайтрымсыз грант алып бүгінде ауыл шетінде кәсіп бастаушылар да бар. Бұдан тыс тұрғындардың қажетіне жолдар жөнделіп, сауықтыру орталығы салынуда.

  Мемлекеттік қызметшілерге артылған жұмыс асқан жауапкершілік пен білімді талап етеді. Бұл салада 26 жыл қызмет атқарғандардың бірі- жергілікті әкімдіктің бас маманы Қайсар Саденов.

Бозанбайдағы тұрғындардың көбі шағын және орта кәсіппен айналысады. Олардың қажетіне орай құрылған жоспарлар да көп. Округ әкімінің сөзінше алдағы уақытта Алғабас ауылында балаларға арналған ойын алаңдарын құру көзделіп отыр. Бұдан тыс туризм саласы да қолға алынбақ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...