ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Мемлекеттік қарыз өсіп барады

13:38, 10 маусым 2021

Алайда есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Мемлекеттік борыштың өте жылдам өсіп жатқандығын айтып дабыл қақты. Жалпы ішкі өнімнің 29,4 пайызына теңескен. Ал елімізде оны 27 пайыздан асырмау көзделген. Ал министрлердің берген есебінде сын жоқ. Әр тиын тиімді жұмсалды дегенді қағаздан қатесіз оқып берді.

 

 

 Ұлттық қорға түскен қаржы қайта жұмсалып кетті

Былтыр пандемия уақытында медициналық бюджеттің сапасын жақсартуға мемлекет бюджетінен 1,6 трлн теңге ақша жұмсалған. Одан бөлек міндетті сақтандыру мен мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге бөлінетін қаржы 5 есе көбейген. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы қаржының есебін Алексей Цойдан сұрады. Мәжіліс төрағасы министрге қағаз жүзінде берілген есепке иланбай аудандық ауруханаларды аралап, жағдайды өз көзіңізбен көріңіз деген кеңес айтты. Отырыстағы өзге де мәселелерді тілшіміз жеткізсін. Былтыр карантиннің кесірінен қазынаға қол сұғушылық көбейді. Ұлттық қорға түскен қаржының 96 пайызы қайта жұмсалып кеткен. Тіпті қорға жетпей тікелей бюджетке аударылған жағдайлар да болды. Палата төрағасы қордан да, сырттан да қарызға ақша алуды доғарып, экономикалық өсімді қамтамасыз ететін нақты шараларды қолға алуды тапсырды.

 

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу сапасын бақылау керек

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуында да олқылықтар бар. Оның себебі жұмыс нәтиже үшін емес атқарылды деп есеп беру үшін жасалғаннан дейді парламент өкілдері.

 

Бюджет қаржысын тиімді игермегендер жауапқа тартылады

Қазір ұлттық қордан немесе сырттан қарыз алып, кейін тиімді игере алмай қалған органның бірінші басшыларын жауапқа тартатын заң жобасы әзірленіп жатыр. Сол кезде бюджетке қолқа салмас бұрын қолдарыңыздан не келетінін екшеп алатын боласыздар деп ескертті мәжіліс төрағасы.

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар