ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мемқызметтің міндеті жауапты

17:18, 21 қаңтар 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды кешенді жүргізу міндетін айқындап берген болатын. Осыған орай Қазақстан республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының басшысы мен педагогтері өз пікір-пайымдарын білдірді.

Президент елдің экономикалық, әлеуметтік, өндірістік, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда басталған реформаларды іске асырудың сапасы мен тиімділігі негізінен мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тәуелді екендігіне баса назар аударды.

Мамандардың айтуынша, қазір академияда мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау курстары, біліктілікті арттыру семинарларында оқытылатын пәндердің контенті қайта қаралып отыр. Соның ішінде мемлекеттік басқару мен шешім қабылдауда жобалық менеджментті енгізу жолдары да қарастырылуда.

Дегенмен, барлық мемлекеттік қызметкерлерді халықпен сөйлесе алады деп айта алмаймыз деседі мамандар. Тараптармен келіссөздер жүргізу, бірін-бірі тыңдау, коммуникациялар құру дағдыларының болмауы көп жағдайда халық пен билік арасындағы түсініспеушілікке әкелді. «Қасіретті қаңтар» оқиғасынан кейін, ел басына күн туған сындарлы шақта  мемлекет басшысы халықты сабырға шақырды. Ел бірлігі мен татулығын сақтаудың, сондай-ақ Тәуелсіздігіміздің тұғырын мықтап ұстап қалу, «халық үніне құлақ асатын» мемлекет құрудың  негізгі тетіктерін Мәжілісте сөйлеген сөзінде нақтылап берді.

Жалпы алғанда, алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа қабылдау жүйесі де қайта қаралатын болады. Мемлекеттік қызметке  келетін мамандарды мұқият іріктеу, адами ресурстардың сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Ал бұл өз кезегінде құндылықтары жоғары мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға жол ашады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...