ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған

13:30, 17 қыркүйек 2021

Жаңа оқу жылында мектептер дәстүрлі оқыту форматына оралды. Алайда білім ошақтарында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң міндеттелген. Облыстың барлық оқу орындары «ASHYQ» жобасына қосылды. Мұғалімдер вакцина алып, мектептер қорғаныс құралдарымен жабдықталуда. Өңірдегі білім ошақтарын қауіпті індеттен қорғау үшін тағы қандай шаралар жүзеге асырылуда? Бұл өскемендегі негізі орта мектеп-интернаты. Білім ошағында санитарлық талаптар қатаң сақталған. Мұнда қолды өңдеуге арналған антисептикті қолдану мен  мектепке кірер кезде оқушының дене қызуын өлшеу қатаң бақылауда. Сондай-ақ әлеуметтік ара қашықтықты қамтамасыз етуге мән берілген.  Санитарлық талаптардың сақталуын педагогтар мұқият қадағалауда. Бұл мектеп-нитернатта барлығы 200 бала білім алады. Оның 168-і мектепте қалып оқиды. Коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу мақсатында оқушылар, мұғалімдер, сонымен қатар басқа да қызметкерлер міндетті түрде бетперде тағуы қажет. Әр сабақтың басы мен аяғында және үлкен үзілістерде кабинеттерді кварцтеу міндеттелді. Сабақ арасындағы үзілістер әр буын үшін әртүрлі уақытта болуы тиіс. Жаңа оқу жылындағы басты міндет - мектептерде инфекцияның таралуына жол бермеу. Бұл үшін білім беру мекемелеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер оқу жылы бойы қатаң сақталатын болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар