ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Мектептерде санитарлық талаптар қаншалықты сақталған?

13:38, 14 қыркүйек 2021

Жаңа оқу жылында мектептер дәстүрлі оқыту форматына оралғаны белгілі. Алайда білім ошақтарында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң міндеттелген. Осы орайда облыс орталығындағы мектептердің жұмысы қалай жүріп жатыр, санитарлық нормалар қаншалықты сақталған? Мұны анықтау үшін шаһарда арнайы мониторингтік топ құрылып, тексеру жүргізілуде. Өскемендегі нөмірі 46 мектеп. Бұл мектепте 2043 оқушы екі ауысымда білім алуда. Мұнда ұзын саны 84 сынып бар. Ата - аналар баласын  мектептің сыртқы есігіне дейін алып келеді. Ары қарай оқушыларды сынып жетекшілері қарсы алады. Санитарлық талаптар қатаң сақталған. Қолды өңдеуге арналған антисептик пайдалану және мектепке кірер кезде оқушының дене қызуын өлшеу қатаң бақылауда. Мектеп алаңдарын пайдалану кезінде әлеуметтік ара қашықтықты қамтамасыз етуге мән берілген. Санитарлық талаптардың сақталуын педагогтар мұқият қадағалауда. Арнайы құрылған жұмыс тобы «Ashyq» жобасы арқылы өткізу режимінің сақталуын және қызметкерлердің вакциналану мәртебесін, жұмысқа жарамды тепловизорлардың болуын, дезинфекциялау мен бетперде режимдерінің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуын тексерді. Дәстүрлі оқыту форматы сапалы білім мен қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты мектептерде инфекцияның таралуын болдырмау шараларын күшейтуге аса мән берліген. Сол себепті арнайы мониторингтік топ тиісті тексерулерді жалғастыра бермек.

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...