ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

«Мейірімді жүрек» акциясы

13:34, 12 шілде 2021

Өскеменде өткен жылы елдегі және өңірдегі төтенше жағдай кезінде медициналық қызметкерлерді белсенді қолдап, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектескен Шығыс Қазақстан облысының ерікті кәсіпкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Аймақ басшысы Даниал Ахметов өңірдің жомарт жандарына алғыс білдірді. Облыс әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтар атынан пандемия кезінде халыққа қолдау көрсеткен кәсіпкерлерді марапаттады. Олардың қатарында тек ірі кәсіпорын өкілдері ғана емес, шағын және орта бизнес пен шаруа қожалықтары да бар. «Өздері қиын жағдайға тап болғанына қарамастан тыныс алу аппараттарын сатып алып, вирустан қорған болатын бетперделер тігіп, мұқтаж адамдарды азық-түлікпен, өзге де керек-жарақтармен қамтамасыз етті. Бұл азаматтар ерікті түрде қол ұшын созып, ерлік көрсетті» деді аймақ басшысы. Ширек ғасырдан бері жеке кәсіппен айналысатын Құмарбек Бату сын сағатта шет қалмаған жандардың бірі. Сонау Марқакөл өңірінде халыққа қолдау болсын деп қайырымдылық шарасын қолға алған. Өңір кәсіпкерлері «Біз Біргеміз» қорына қаражат аудару ісінде де белсенділік танытты. Облыс әкімі Даниал Ахметов мемлекет пен бизнес құрылымдарының өзара қарым-қатынасы әлеуметтің әлеуетін арттыруда маңызды факторлардың бірі әрі көптеген әлеуметтік проблемаларды шешу үшін негіз екенін жеткізді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...