ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«Мәдениеттер шоқжұлдызы»

13:32, 4 мамыр 2022

Өткен аптада өскемендіктер бірлік күніне орай ұйымдастырылған би батлын тамашалады. Ауқымды іс-шараларды сағынған қала жұртшылығы "Мәдениеттер шоқжұлдызы" баттлына қуана жиналды. Сайыста  жоғарғы оқу орны мен коллдеж студенттері өзіндік би дағдыларын көрсетті.

Ұзақ үзілістер мен карантиндік шектеулерден кейін қала тұрғындары шараны зор қошеметпен қарсы алды. Талантты қыз-жігіттердің көздерінен жеңіске жетсем деген от байқалды.

Әділқазылар бишілер өз өнерлері арқылы бидің өмірлерінде алар орны мен әсерін шебер көрсете білгендігін айтуда.

Қатысушылардың сөзінше, бидің бір толыққанды нөмірін дайындап шығу үшін екі айға жуық уақыт қажет.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды "Ekonom pride" командасы иеленсе, екінші орын төрінен «The union team» көрінді. Ал үштікті "Lion king"көшбасшылары қорытындылады. Жеңімпаздарға байқау ұйымдастырушыларының атынан бағалы сыйлықтар табыстылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар