ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Масадан мазасы қашқан тұрғындар

13:36, 12 шілде 2021

Күршім ауданының Қалжыр және Боран елді мекендері тұрғындарына маса маза бермей тұр. Бұл жәндіктер биыл жылдағыдан ерекше көп дейді жергілікті халық. Коранавирустан ғана емес қаптаған шіркейден қорғану үшін бетперде тағатын ауыл тұрғындарымен тілшіміз тілдесіп қайтты.  Қалың киім, шыбын шіркейден қорғайтын арнайы бетперде. Боран мен Қалжыр тұрғындары масадан әбден зәрәзап болған. Тіпті, жәндіктің шаққан жері бөртіп, ісігі қайтпайтын көрінеді. Маса аллергиялық реакция тудырып ыстығымызды көтереді деген ауыл тұрғындары қалай қорғанатындарын білмей әлек. Жаздың бір күні қыстың бір айы іспетті, осы күндері еңбек етіп, қытымыр қысқа жем шөптерін дайындайтын ауыл тұрғындары масаның кеселінен тырп ете алмай отыр. Жәндіктерді улау осыған дейін бірнеше рет жүргізілген. Десе де, залалсыздандыру жұмыстары халықтың көңілінен шығар емес. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, шыбын шіркейлерді улау бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Табысын малдан тауып, тіршілік етіп жүрген ауыл тұрғындарының кейбірі шыбын шіркейдің кеселінен қалаға қоныс аудара бастаған. Бұл мәселе жақын арада шешілмесе арқа жарқа болған ауылдың қаңырап қалуы да әбден мүмкін.

 

 


 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...