ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мал ұрлығын тыю

13:32, 18 мамыр 2022

Аймақта мал ұрлығы азаймай тұр. Осыған байланысты тәртіп сақшылары бақылауды күшейтуде. Төрт-түліктің ұрлануына басты себеп оның жайылымдарда иесіз, еш қараусыз жүруі,- дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Малды иесіз жіберудің арты айыппұл арқалауға әкеліп соғуы мүмкін. Себебі, қараусыз қалған төрт түлік ұрыларға оңай олжа болып қана қоймай, тасжолдарға шығып, жол-көлік оқиғасына түрткі болады. Мамандар мал ұрлығының басым бөлігі кешкі уақытта тіркеледі, дейді. Сол үшін үй жануарларының иелері өз шаруашылықтарын қоршағандары абзал. Әрі жануар міндетті түрде таңбалануы тиіс. Сондай-ақ GPS сигнализаторларын орнату – ұрлықтың алдын алуға да сеп. Себебі, ол еркін жайылымда жүрген табынның тұрған жерін оңай анықтауға мүмкіндік береді. 

Мал ұрлаушылармен күресте полиция бірқатар шаралар қолданады. Құқық қорғау органдары базарлар мен мал сою орындары бойынша рейдтер жүргізіп, ет өнімдерін тасымалдайтын автомобильдерді тексереді. Айта кету керек, Қазақстанда мал ұрлығы үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған – 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар