ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ АШЫЛАДЫ

13:34, 15 сәуір 2021

Ұлан ауданының шаруалары еліміздің ет экспортын еселеуге сүбелі үлес қоспақ. Малды асылдандырып қана қоймай, қоңды малдан табыс мол екенін жақсы біледі. Сондықтан қазір Герасимовка ауылында 5 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы мен ет өңдеу кешенінің құрылысы басталды. Бұл жобаға қанша қаражат жұмсалады? Қажетті қондырғылар қай жақтан жеткізіледі? Осы жобаны жүзеге асырып жатқан қожалық иесі ангус, герефорд және қазақтың ақ бас сиырларын өсіреді. Бүгінде қожалықтағы ірі қара саны 3,5 мыңнан асқан. Енді мемлекеттік қолдаудың арқасында малды бордақылап, шұжық, бұқтырылған ет өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, дайын ет өнімдерін Қытай, Ресей және Еуропа елдеріне экпорттау көзделген. Жоғары сапалы өнім өндіру үшін халықаралық стандартқа сай техника мен құрал-жабдықтар қолданылады. Олардың барлығы көршілес Ресей мемлекетінен әкелінеді. Ал бүгінде бордақылау алаңында қоралар мен жұмыскерлерге арналған үйлердің қабырғасы қаланып жатыр. Жаңадан 40 - тан астам жұмыс орындары ашылып, жергілікті ауыл тұрғындары еңбекпен қамтылмақ. Жоспарда мал азығын сақтайтын орын салынып, арнайы техника алу көзделген. Болашақта мал бордақылау алаңындағы барлық жұмыс автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі. Нысан ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында ашылады деп межеленуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар