ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қысқа дайындық жұмыстары

13:31, 25 қараша 2021

Облыс орталығында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары аймақтағы тасжолдардың қысқы кезеңге дайындық барысы туралы баспасөз маслихатын өткізді.Облыс жолдарында 386 қар қалың алып қалатын аумақ бар. Олардың жалпы ұзындығы 816 шақырымды құрайды. Биыл бірқатар көлік жолдарына арнайы қардан қорғайтын қалқандар орнатылды.Облыстағы автожолдарда биыл жылыту пункттері мен медициналық-құтқару бекеттері жұмыс істейді. Жолда төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін, денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі.Брифинг барысында жауапты мамандар қысқы маусымда балықшыларға қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін түсіндірді. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, ағымдағы жылы балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған 4 адам суға батып кеткенін хабарлады.Құтқарушылар көлік жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын қарауды, сондай-ақ облыс жолдарының жай-күйі туралы ақпаратпен танысу қажеттігін ескертеді. Барлық қажетті ақпаратты SMS арқылы немесе 1403 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Өткен қысқы кезеңде облыстың автомобиль жолдарында 48 апатты-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 452 адам эвакуацияланған, 119 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар