ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қылқанжапырақтыларды қорғау

13:32, 7 желтоқсан 2021

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында, атаулы күннің сәнін келтіретін- шырша ағашына сұраныс артары сөзсіз. Биылғы жылы қылқанжапырақты ағаштарды заңсыз отап, оңай табысқа қолжеткізгісі келетін браконьерлерге қандай шара қолданылмақ, айыппұл мөлшері қанша тіліші бейнематериалында.Жыл сайын желтоқсан айының басынан бастап мобильді топтардың жұмысы қауырт. Мамандар осы кезде заңсыз ағаш кесетіндердің саны артатынын айтады. Сондықтан, қылқанжапырақты ағаштарды заңсыз дайындап, тасымалдағандардың жолын кесу қажет,- дейді.Жауапты мамандар жаңа жылдық шыршаларды кесу кезінде өрт жағдайлары жиі болатынын жеткізді. Көбінде адамдар жасыл желекті кесер кезде бір шыршаның қайта өсіп шығуы үшін ұзақ жылдар қажет екенін ескермейді.Мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін ұйымдар мен мекемелерге жаңа жылдық шыршалар жергілікті әкімдіктің өтінімі арқылы орман шаруашылығы және жануарларды қорғау комитетінің рұқсаты бойынша ғана беріледі. Тұрғындар шыршаларды орман шаруашылықтарынан сатып ала алады. Ол жерде шырша ағаштары арнайы өсіріледі.  Биыл табиғатқа залал келтіргендерге айыппұл көлемі бұрынғыға қарағанда айтарлықтай артқанын еске сала кетейік.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар