ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қылқаламнан шыққан тамаша туындылар

13:32, 19 мамыр 2022

«Өнер – адам өмірінде маңызды орында. Мәдениетсіз қоғамды елестету қиын» дейді өнертанушылар. Ал, облыс орталығының тұрғындары үшін бұл ретте тамаша мүмкіндік бар. Отандық сурет өнерінің жарқын өкілінің туындыларын көруге болады. Белгілі суретшінің көрмесі Өскеменде тұңғыш рет өтуде.

ҚР қоғам қайраткері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі - Алпысбай Қазғұловтың көрмесі қала қонақтары мен тұрғындары үшін ұйымдастырылды. Оның картиналары Бельгия, Қытай, Түркия, Ұлыбритания, Жапония мен Нидерланды елдерінде өзінің жоғарғы бағасын алды. 45 жыл шығармашылық жолында суретші 8 мыңнан аса картина бейнелеген. Ал, бұл көрмеге 27 туындысын әкепті. Оның айтуынша бұл суреттер оның ең жақсы көретін шығармалары.

Алпысбай Қазғұлов нағыз шабыттың адамы дейді, оның өнерімен жақсы таныс жандар. Өйткені нағыз туындыны алдын ала жоспарлауға, салуға келмейді. Өнер қайраткері еңбек жолында өз қабілетін бірнеше жанрларда байқап көрген. Оның қылқаламынан кубизм мен абстракционизм стиліндегі картиналар да шыққан. Суретші қазір де өзі үшін жаңа жанр –  этно-импрессионизмді байқауда.

Шара өнер музейінде «Музей түні» аясында өткізілгенін атап өткен жөн.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...