ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қылқалам шеберінің ерекше туындылары

17:30, 23 қараша 2021

Бүгін суретшілер қауымы және кескіндеме әуесқойлары дүниежүзілік акварель күнін атап өтуде. Әлем бойынша өнердің осы бірегей түріне қызығушылар саны айтарлықтай артып келеді. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сурет өнерінің шебері Альфия Мұхамедьянова " Алтай бейнесі"атты көрмесін көпшілік назарына ұсынды.Альфия Мұхамедьянова әр күнін өзінің шеберханасында өткізеді. Оның жұмыстарының тақырыбы әртүрлі. Соның ішінде қазақтың салт-дәстүріне арналған туындыларыда жетерлік. Альфия Мухамедьянова атап өткендей, қазір әлемде этно-тақырыптағы картиналарға қызығушылар қатары артып келеді. Әр түрлі елдерден келген кескіндеме әуесқойлары қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері туралы баяндайтын ерекше туындыларды алғысы келеді.Альфия Мухамедьянованың жұмыстары түрлі-түсті бояуды шебер қолдануымен танылған. Бәрінен бұрын, суретші өз шығармаларында адамдардың эмоцияларын бейнелегенді ұнатады."Алтай бейнесі" суреттер сериясындағы жұмыстар қазірдің өзінде Тайвань, Греция, Эквадор, Непал сынды әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрмелерге қойылды. Онда картиналар кәсіби суретшілердің де, кескіндеме өнері шеберлерінің де жоғары бағасына ие болды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар