ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Құтқарушылар музейі

13:30, 12 қазан 2021

Қазақстан Республикасының құтқарушылар күні мерекесінің қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының ТЖД мұражайы өз жұмысын бастаған болатын. Жыл басынан бері мұражайға 500-ге жуық адам келіп, 34 экскурсия өткізілген. Аталмыш орында төтенше жағдайлар қызметінің дамуы мен өсуін, қазіргі  жағдайын және де тарихын  көрсететін  3000-нан астам әртүрлі экспонат қойылған. Мұражайда қызықты экскурсиялар өткізумен қатар, өрт сөндіру қызметінің құрылуы мен бөлімдерін, өрт сөндіру тәсілдерін, қорғаныс құралдары мен қауіпсіздік шараларын көрсететін фильмдер таныстырылады. Құтқарушылар мен сүңгуірлердің, дәрігерлер мен құтқарушы-альпинистердің, кинологтар мен парашютшілердің және өрт сөндірушілердің кәсіби жабдықтары бар бөлек зал мұражайдан орын тапқан. Бұл мәдени орынға мектеп оқушылары келгенде дәстүрлі түрде құтқарушылардың костюмы мен дулығаларын киіп көреді. Көрмелер 3 үлкен залда орналастырылған. Негізгі залда өрт сөндіру құралдары, нағыз өрттен алынған заттай дәлелдемелер, құтқару костюмі киілген муляждарды да табуға болады.  Мұражай қорында әртүрлі сирек кездесетін  өртке қарсы дулыға, сандықтар, өрт сөндірушілерге арналған құрал-жабдықтар секілді дүниелер бар. ШҚО ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Кодубенко бұл саладағы барлық қызметкерлер мен ардагерлерді құттықтады. Балалар жауынгерлік киімді киіп, диспетчерлік пункте болуға, өрт сөндіру автокөлігінің рулінде отыруға және де өрт сөндіру кезінде  өзін-өзі ұстау ережелерімен танысқандарына өте қуанышты.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар