ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Құтқарушы журналистер

13:30, 19 қазан 2021

Журналистер қауымы бір күнге мамандықтарын өзгертуге мүмкіндік алды. Осы жолы төртінші билік өкілдері өрт сөндіруші  қызметкері болды. Іс-шара барысында журналистер құтқарушылардың барлық жұмыстарымен танысып, арнайы дайындық тапсырмаларынан өтті. Айта кетейік, шара Құтқарушылар күніне орай ұйымдастырылған. Бұл өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі. Кезекшілікке түскен құтқарушылар алдымен сап түзеп, кейін техникаларын тексереді. Осы жолы, кәсіби мамандармен бірге журналистер қауымы да қатар тұрып, қызығы мен қиындығы мол кәсіптің қыр-сырымен танысуда. Мұндай мүмкіндікке төртінші билік өкілдері 19-шы қазанда болатын құтқарушылар күні аясында ие болды. Өрт сөндіруші болу оңай іс емес. Күн сайын біреудің өмірін арашалап қалу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Қызметті адал атқарып, қызыл жалынды ауыздықтау үшін арнайы жарақтандырылған техника қажет. Өрт сөндірушілер журналистер қауымына әр қондырғының қолданысын түсіндіріп, жұмыстың қыр-сырымен таныстырды. Журналистердің айтуынша, бұл нағыз батырлықты талап ететін қызметтердің бірі. Құтқарушылар қандай жағдай болмасын өздерінің өмірін өзге үшін сарп етуге әзір. Аталмыш қызметтің мамандары мен ержүрек құтқарушылардың ерліктері жайлы қанша мәрте қалам тербеуге және түрлі материалдар дайындауға тура келсе де, бұл кәсіптің бүге-шүгесіне араласып, анығына қаныққан тілшілер қауымына біршама қиындықтарды еңсеруге тура келді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар