ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Құтқарушы – қауіпті мамандық

13:36, 30 қыркүйек 2021

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Бүгінде егеменді елмен бірге есейген жастар әр салада табысты еңбек етіп жүр. Бұл ретте жанкешті кәсіп иесі өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметін бөле-жара айтуға болады. Ең қауіпті мамандықтардың бірі-өрт сөндіруші қызметі. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Өрт сөндірушінің қызметінде әрбір секунд санаулы. Шақыру түскеннен кейін көз ілеспес жылдамдықта киініп қажетті құралдарды тағып көлікке мініп үлгеруіңіз қажет. Олар үлгерді, ал мен..  Бас аяғы 10 келіні тартатын өрт сөндірушінің киімі мен үшін ыстық әрі ауыр болды. Кез келген адам бұл мамандықты таңдай бермейді. Осы кәсіпті бала күннен армандаған жанның бірі Мерей Шәріпханов 13 жыл бойы өртке қарсы қызметте адал жұмыс атқарып келеді. Үй, қойма, зауыт т.с.с. үлкен ғимараттар мен орманды алқаптар өртене бастаса өзге де қауіпсіздік техникалары жөнелтіледі. Кей жағдайларда құтқарушылардың да көмегіне жүгінетін кездер болады. Құтқарушылар өрт болып жатқан үйден адамдарды дереу шығарып алып қана қоймай, үйде қамалып қалған балалар мен қарт адамдарға да көмек береді. Маманның айтуынша кейбір жағдайда  тұрғындар есікті бұзбай кіруді өтінеді. Ол кезде терезеден кіруге мәжбүр. Биіктіктен де қорықпайтын батырлар, басын қатерге тігіп суицид жасайтын адамдардың да өмірін арашалап қалады. Өрт болған жерден бірінші болып табылатын құтқарушылар өмірін қатерге тігіп жатады. Олардың арасында жандарын құрбан еткен азаматтарымыз да бар. Бейбіт күннің батырларының есімін ұлықтау мақсатында ескерткіш тақта орнатылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар