ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Күшейтілген режимдегі жұмыс

17:15, 13 қаңтар 2022

Еліміз үшін қиын күндерде құқық қорғау органдары күн-түн демей дамылсыз қызмет етті. Әрине құтқарушылардың  да жұмысы олардан артық болмаса, кем болмады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бастап 175 апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 21 адам құтқарылып, 71 адам эвакуацияланды.

Апат айтып келмейді. Осы сәтте жедел әрекет етіп, дереу көмекке келу өте маңызды. Құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тігіп, жүктелген міндеттді бұлжытпай орындайды. Бұл сала мамандарының күнделікті жұмыс тәртібі - деп атап өтті. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Құтқарушылардан басқа шұғыл жағдайда көмекке келетіндер қатарында ақ халаттылдар да бар. Медицинасы орталығының аймақтық филиалда 11 дәрігер жұмыс істейді. Биыл олар 11 өртке, 3 рет жол-көлік оқиғасына тап болғандарға көмек көрсеткен. Қысқы кезеңде медициналық-құтқару пункттері жылыту орындары ретінде жұмыс істейді.Ал 2021 жылы бөлімшеге заманауи реанимобиль-автокөлігі берілді. Бұл өз кезегінде  ақ халаттыларға шұғыл жағдайда көмек қолын созуға  мүмкіндік берді.

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН
13:35, 25 мамыр 2022
КӘСІПКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН
Толығырақ...
ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ  СЕМИНАР-КЕҢЕС
13:33, 25 мамыр 2022
ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР-КЕҢЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...