ШҰҒЫЛ! ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАЙТЫН ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРЕДІ Толығырақ

ҚҰС ӨСІРУ КЕҢІНЕН ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ

13:30, 19 ақпан 2021

Ұлан ауданындағы құс фабрикасы облыстағы ғана емес, республикадағы ең ірі өндіріс орындарының бірі. Өткен жылы ғана аталған орын 30 мың тонна ет өндірген. Бұл Қазақстанда өндірілген құс етінің 13 пайызын құрайды.  Аймақтың экономикасы мен ауыл шаруашылығына қомақты үлес қосып отырған өндіріс орнында тілшіміз Данияр Қайратұлы болып қайтты. Ел бойынша азық-түлікке пайдаланылатын құс етінің 8% осы фабрикадан шығарылады. Бүгінде бұл құс фабрикасында 700-ден аса адам жұмыс істейді. Өндіріс орны 50-ге жуық өнім шығарып, республиканың түкпір-түкпіріне жеткізеді. 2020 жылы құс фабрикасы Ұлан ауданында жылына 55 мың тонна құс етін өндіруге арналған жобаны қолға алған. Қазақстанда тұтынатын құс етінің 41%-ы шетелден келеді. Сондықтан, жобаның ең бірінші мақсаты импорттық өнімдерді азайтуға бағытталған. Өз кезегінде бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, бюджетке қосымша қаржы түсіруге, өсімдік шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға зор пайдасын тигізеді дейді бас директор Ришат Райысов. Өндіріс орнына жұмыскерлер Өскеменнен, Айыртау, Бозанбай, Белоусовка, Ахмер, Алмасай, Ұлан сияқты ауылдардан арнайы көлікпен жеткізіледі. Бұған қоса, қызметкерлерге әр түрлі әлеуметтік пакеттер қарастырылған. Ал, жуықта жұмыскерлер саны тағы да артпақ. Айыртау ауылы маңында салынып жатқан жаңа үш құс өсіру алаңы бар. Әр алаңға 11 құс өсіру орны тұрғызылып, сыйымдылығы 45 мың бройлер балапандарына дейін жетпек. Барлық 33 орын соңғы үлгідегі европалық технологиямен жабдықталады. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Ұлан ауданы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, құс фабрикасы бірқатар облыс, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұнда санитарлық-гигиеналық талаптар да қатаң сақталады. Әсіресе, экологиялық мәселеге аса көңіл бөлініп, шыққан қалдықтар арнайы орынға төгіліп, залалсыздандырылады. Оған қоса, өндіріс орны қоғам үшін әрдайым демеушілікпен де айналысады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
13:34, 12 мамыр 2021
ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...