ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Құрылыс заңсыз деп танылды

13:36, 7 маусым 2021

Семейде өткен жылдан бастап Қабанбай батыр көшесі бойындағы стоматологияға жапсарлас  салына бастаған  құрылыс тұрғындардың мазасын  қашырды. Кәсіпкердің нысанды кеңейту үшін жаяу жүргіншілер жолын қосып алғандығы қалалықтардың наразылығын тудырған.   Қоғам өкілдерінің бірнеше рет кездесулері мен жауапты органдарға жүгінулері еш нәтиже бермеді. Аталмыш мәселе бойынша түпкілікті шешімді сот шығарды. Оған сәйкес  құрылыс заңсыз деп танылды. Жапсаржай салуды жоспарлаған кәсіпкердің іс-әрекетінің заңдылығы туралы мәселені тұрғындар іргелес аумақты тазарту жұмыстары басталған кезден бастап көтерді. Олардың айтуынша, құрылысты жүргізуге болмайды. Өйткені ол рекреациялық аймаққа жатады. Бұған қоса, олар кәсіпкерді өздігінен әрекет жасады деп айыптады. Дегенмен жауапты тұлғалар мәселенің мән-жайын анықтағанша, құрылыс тоқтамады. Нәтижесінде жаяу жүргіншілер жолының орнында құрылыс нысаны пайда болды. Сот бұл мәселеге нүкте қойды. 4 наурызда Семей қалалық соты құрылысты заңсыз деп тану және оның иесін бұзуға міндеттеу туралы шешім шығарды. Оған құрылыстың кондоминиум нысанында және тұрғындардың үштен екісінің келісімінсіз салынғаны себеп болды. Дәл осы себептен кәсіпкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Айта кетерлігі, құрылыс иесі бұл жағдайға түсінік беруден бас тартты. Белгілісі құрылысқа деген рұқсаты болған. Сот шешіміне қарамастан салынған құрылымның бір бөлігі әлі де жұмыс істеп тұр. Мұнда дүкен ашылған. Судьяның айтуынша, егер салынған нысанды бұзу туралы сот шешімі ерікті түрде орындалмаса, үй тұрғындары, яғни талапкерлер сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындату үшін жүгіне алады. Сот шешімі заңды күшіне енген.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...