ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Құрылыс қарқыны жоғары

17:15, 25 қаңтар 2022

Ұлан ауданы құрылыс қарқыны жоғары ауданның бірі. Мұнда тұрғын үйден бастап, маңызды әлеуметтік нысандарға дейін үнемі салынады. Әсіресе, орталығы Қасым Қайсенов кентінің күннен күнге аумағы кеңейіп, өсіп келеді.

Ұлан ауданы – облыс орталығына ең жақын аудан. Оның үстіне аудан орталығы көркейіп, тұрғындар саны да артуда. Өскеменге жақын, жұмысқа орналасу мүмкіншілігі жоғары, тоғыз жолдың торабында тұрған елді мекенге көшіп келушілер саны да артқан. Әлбетте, инфрақұрылымдық даму көрсеткіштері де көңіл көншітеді. Кенттің үлкеюі мектептегі оқушылар санына да ықпал етуде. Сондықтан Қасым Қайсеновте жаңа білім ордасы бой көтеруде.

Әзірге кентте бүгінде істеп тұрған бір ғана мектеп бар. Ол Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп. Білім мекемесінің директоры «мектеп 600 орынға арналған. Алайда, қазіргі оқып жатқан бала саны одан екі есе көп. Сондықтан, жаңа мектеп кентке ауадай қажет» дейді. 320 орындық жаңа мектепте осындағы оқушылардың бір бөлігі оқиды.

Құрылыстың аумағы үлкен. Сондай-ақ, жергілікті жұртты қуантқан тағы бір жұмыс бар. Ол «Нұрлы Жер» бағдарламасы арқасында құрылысы өткен жылы басталған жоба. Салынып жатқан екі тұрғын үйдің «Отбасы банк» арқылы несиеге берілген пәтерлер есебінде кілттері табысталады. Екі үйде жалпы 40 бір бөлмелі пәтер, 20 екі бөлмелі пәтер және 20 үш бөлмелі пәтер болады. Құрылыс учаскесінің басшысы Максим Храмцовтың айтуынша, осы шақта жертөледегі жұмыс аяқталып, ғимараттың бірінші қабатын көтеру басталды. «Жұмыс қалыпты режимде» дейді.

2021 жылы Ұлан ауданында тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жеткізілген жоспар 8540 шаршы метрді құраған. Жуықта бұл көрсеткіш тағы артпақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...