ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ҚҰМАШ НҰРҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

17:15, 4 мамыр 2021

Өскеменде ұлағатты ұстаз Құмаш Нұрғалиев атындағы  халықаралық олимпиада қорытындыланды. Білім додасына Қазақстанмен қатар Ресей, Жапония мемлекеттерінен 100-ден астам талапкер қатысты. Туризмді дамыту тақырыбында ұйымдастырылған олимпиаданың мақсаты - ауыл туризміне серпін бере отырып, ұлттық құндылықтарымызды әлемге таныту. 2019 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан білім сайысының түпкі мұраты әлбетте «КСРО ағарту ісінің үздігі», «КСРО Халық Мұғалімі» атанған ұлағатты ұстаз Құмаш Нұрғалиев есімін ұлықтау, ұмытпау, жастардың жадында жаңғырту. Олимпиада өзіміздің талапкерлерді өзге елдің жастарымен бәсекеге түсіріп қана қоймай, еліміздегі жоғары оқу орындары, колледж студенттері мен мектеп оқушыларының бір-бірімен тығыз байланыс орнатуына да септігін тигізеді дейді мамандар. Биыл елдегі қалыптасқан карантиндік шектеулерге байланысты Zoom- платформасы арқылы өткен білім мен ғылым бәсекесінде Ресей мен Қазақстан студенттері бас жүлдені өзара бөлісті.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар