ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ЗЕЙНЕТКЕР

13:32, 7 сәуір 2021

Семей қаласының маңындағы қойшының үйіне жұмысқа тұрмақ болған жалғызбасты қария мүгедек болып қалды. 65 жастағы зейнеткер үй күтушісі ретінде жұмыс істеуі тиіс болған екен. Алайда оны құлдыққа салып, қой бағуға мәжбүрлеген. Қашып кетпек болған әйелді үй иесі соққының астына алып, тіпті басқа адамдарға сатып жіберген. Галина Кочева өзін алдап, арбап, жұмысқа жеккендер жайында ештеңе білмейді. Бар білетіні күнделікті естіп жүретін Нұрзат және Айтоха есімдері.  Зейнеткердің айтуынша, дәл осы адамдар оған мал бақтырып, шаруа қожалығына күніне 700 литр су тасуға мәжбүрлеген. Қария екі мәрте қашуға әрекет жасаған. Алайда онысынан түк шықпаған, ұстап алып, соққының астына алған. Тек далада жоғалған бұзауды бір жарым тәулік бойы іздеп, қолы үсіп қалған кезде үй иесі оны ауруханаға әкеліп, сол жерге тастап кетіпті. Қиын жағдайға тап болған зейнеткердің құжаттарын қалпына келтіріп, қарттар үйіне орналасуға Семей қаласының қайта әлеуметтендіру орталығының мамандары көмектеспек. Полиция осы оқиғаға қатысты "Адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар