ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Куәлік пен төлқұжатты қалай тез алуға болады?

13:31, 28 шілде 2022

Жаз мезгілі – демалыс пен саяхат кезеңі. Осыған байланысты Қазақстанның ХҚКО-ларында жеке куәлік пен төлқұжатты рәсімдеу үшін өтініш білдіретін тұтынушылар саны артқан. Жыл басталғалы 1 353 590 жеке куәлік пен паспорт берілген. Рәсімделген құжаттардың ең көбі маусым айында тіркелген.

Паспорт пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет.  Ол жерде жеке куәлік пен паспортты рәсімдеу бойынша операцияны көші-қон қызметі көрсетеді. Егер төлқұжат алу үшін бірінші рет келіп тұрсаңыз, сізге тек жеке куәлік қажет болады. Ал, сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталуға жақын қалса, оны 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды.

Сонымен қатар, ҚР Салық кодексіне сәйкес, клиенттердің белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Орталыққа жеке куәлік пен төлқұжатты рәсімдеу үшін келген жұрттың қарасы қалың.

Шамадан тыс кезек тудырмау үшін орталықта банк қосымшалары арқылы кей қызметтерді рәсімдеуге болады. «Бұл қызмет алу уақытын үнемдеп қана қоймай, мамандандырылған ХҚКО-дағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», - дейді азаматтар.

Айта кетейік, жеке куәлік адамның заңды тұлға екендігін растайтын басты құжат. ҚР азаматының жеке куәлігі 16 жастан беріліп, республика аумағында 10 жыл мерзімінде қолданыста болады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар