ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Көшпелі көрме

17:20, 22 маусым 2022

Риддер тарихи-өлкетану музейінде Д. Қонаев атындағы Алматы музейінің көшпелі көрмесі ашылды. Еліміздің оңтүстік астанасынан келген қонақтар тарихқа қызығушы жандарға Алматының ең көп келушісі бар мұражайының жәдігерлерін көрсетті. «Ғасыр саңлағы» ғылыми конференциясы аясында мемлекет қайраткерінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін тың деректермен бөлісті.

Бұл 1992 жылы Қазақстанның ғылым академиясында сөз сөйлеген Дінмұхамед Қонаевтің кадрлары. Тарих таспаға түскендей. Осыдан кейін тура бір жылдан соң халықтың Димашы бақилық болды. Бірақ, «ғалымның хаты өлмейді» деген. Қазақстандықтар тау тұлғаны осы уақытқа дейін еске алады. Көзін көргендер мемлекет қайраткері еңбекке шын берілген, нағыз азамат еді дейді. Оның жемісті еңбегі тарихшыларды әлі күнге дейін таңғалдырады. Мәскеу мемлекеттік университетінің ақпараттық-сараптамалық орталығы мамандары жүргізген статистикалық деректерге сүйенсек, Қонаев ел тізгінінде болған жылдары Қазақстанның өндірістік қуаты 700%-ға артқан. Өндіріс көлемі 9 есе, ауылшаруашылығы 6 есеге артқан, құрылыс саласындағы өсім 8 есеге көбейген. Ал, сол жылдары алмалы Алматының гүлденуі жайлы жұрт әлі күнге дейін аңыз қып айтып жүр.

Риддердің тарихи-өлкетану музейінде өткен көрмеге ғылым, мәдениет саласының қайраткерлері, тарихшылар келді. Келушілер конференцияға қатысушылармен әңгімелесіп, білгендерімен бөлісті. Риддерліктердің құшақ жая қарсы алғандарына дән риза.

 

Көрмеде Дінмұхамед Ахметұлының жеке заттары қойылған. Тіпті аңыз адамның гардеробынан заттар, оттықтар коллекциясынан экспонаттарды көруге болады. Бұған қоса, ірі мемлекет қайраткері және бір сөзбен оның қарапайым адам келбетін ашатын фотосуреттер де топтастырылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...