ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қос жанарынан айырылған азамат

13:31, 14 қаңтар 2022

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың тағдыры сан қилы. Біреулері туа бітті кемтар атанса, енді бірі тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Көру мүмкіндігінен айырылған жанның бірі - Серік Қабышев. Ол тас қараңғылықтағы жарықтың нұрындай болған спорт өмірге деген құлшынысын қайта оятқанын айтады.

Бала кезден әр қимылы ширақ, спортқа қызығушылығы басым талапты ұлдың ұмтылысы кейіннен бірден байқалған. Бүгінде ол спорттың параолимпиядалық түрі жеңіл атлетика, жүзу, дзюдомен кәсіби түрде айналысып келеді.  Ол мүгедектік – мүмкіндіктің шектелуі емес, дейді.

Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істегенде әр жаттығудың өзіндік қиындықтары бар, дейді спорт клубының жаттықтырушысы. Алғаш жаттығу залына келгенде көп сөзі жоқ, тұйық мінезді болып көрінген спортшымен тіл табысу қиын болғандығын жаттықтырушысы жасырмады. Кейіннен бір-бірімен өзара сөйлесіп араласқаннан кейін аға-бауырдай болып кеткен.

Төккен тер, еткен еңбек өз жемісін беріп жатыр. Нәтиже де жаман емес. Күн-түн демей дамылсыз жаттыққанның арқасында Серік Қабышев өзінің алғашқы жетістіктерін 6 айда көрсете бастаған. Спортшы күні бүгінге дейін Қазақстан чемпионатында қола медальді қанжығасына байлап келген болса, алдағы додалардан тек алтын аламын деген үмітте. Бүгінде ол жеңіл атлетикадан спорт шеберлігіне үміткер.

                      

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН
13:35, 25 мамыр 2022
КӘСІПКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН
Толығырақ...
ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ  СЕМИНАР-КЕҢЕС
13:33, 25 мамыр 2022
ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР-КЕҢЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...