ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Коронавирусты жеңудің жолы - екпе

13:34, 28 шілде 2021

Коронавирус індеті басталғалы аймақта 32 665 адам қауіпті вирусты жұқтырды. Ал 28 175 аталған дерттен айықты. Дегенмен, арқаны әлі кеңге салуға ерте, дейді дәрігерлер. Себебі, СOVID-19 жұқтыру көрсеткіші өңірде әлі де жоғары болып тұр. Жекелеген азаматтардың екпе алуға құлықсыздығы қауіптің бетін сейілтер емес. Өскемендегі №4 қалалық ауруханада коронавирустық инфекцияның ауырлық дәрежесіндегі науқастарға сапалы медициналық көмек көрс ету үшін 100 пайыз орталықтандырылған оттегі стансасымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жоғары ағынды оттегі терапиясын жасауға арналған жабдықтар бар. Алайда,  қауіпті вирусты жұқтырғандармен бетпе-бет кездескенде, бойымызды үрей билегенін жасыра алмаймыз. Палатада жатқан әр емделуші көздеріне жас алып, дәрігерлерге рахмет айтуда.  Себебі, өз басымызға келмейінше бұл індеттің расыменде адам өмірін жалмайтынына сенбедік,-дейді.  Ал аурухананың бас дәрігері Серегей Попов індеттің одан әрі таралуына тосқауыл қоюдың басты жолы-екпе алу. Себебі, коронавирсқа қарсы вакцина алған азамат өзін ғана емес айналасындағы азаматтарды да қауіпті вирустан қорғайды, -дейді. №4 қалалық ауруханада емделушілерге аналған 150 орын бар. Ал оның 50 пайызы қазіргі таңда толық.  Ал дәрігерлер дертке шалдыққандар саны күннен-күнге артып келетінін айтады. Тәулігіне  50-ден астам өтінім түседі. Бұл денсаулық сақтау қызметкерлерінің жүктемесін арттырады. Жағдайды ушықтырмас үшін қоғамдық имунитетті қалыптастырып, екпе салу арқылы індеттің бетін қайтара алмыз,- дейді дәрігерлер.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...