ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Көпбалалы отбасыларды қолдау

13:31, 25 мамыр 2022

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық әкімдікте көпбалалы аналар комиссиясымен кеңес өткізіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Жиында 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау мәселесі де қаралды. Бүгінгі таңда өңірде жас жеткіншектерге екпе салу науқаны аяқталуға жақын. Аталған шараны маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда аймақта оқушылардың жүз пайызы екпенің бірінші компонентін алып үлгерген. Ал екінші компонентпен қамтылғандар көрсеткіші 99 пайызға жеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, екпеден соң кері әсер беріп, шағыммен дәрігерлерге барған азаматтар тіркелмеген.

Сондай-ақ жиын барысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмысы да талқыланды. Биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 44 мың баланың демалысын ұйымдастыру жоспарланған. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 35 қала сыртындағы және 475 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейтін болады. Бұл орындарда 500-ге жуық алаң, тілдік мектептер, ІТ-бағыттарды қамтитын түрлі үйірмелер де жұмыс істейді.

Атап өткендей аймақта көпбалалы отбасыларды қолдау бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, биыл ауылдық жерлерге ерекше көңіл бөлу көзделіп отыр.  Тұрғын үй мәселесін шешу де назардан тыс қалмақ емес.

 

Өңірде қосалқы шаруашылықпен айналысып, тұрғын үй салып, бизнесін дамытуды көздейтін отбасылар бар. Осындай бастамалардың сәтті жүзеге асырылуы АӘК алушылар қатарын азайтуға сеп болмақ. Қазірдің өзінде аталған көмекті алушылардың қатары 18 мыңнан, жеті мың отбасына дейін төмендеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар