ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Көп балалы отбасыға көмір түсіріп берді

13:34, 13 қыркүйек 2021

Төрт баланы дүниеге әкеліп бесіншісіне аяғы ауыр ананың тағы бір өтініші аяқсыз қалмады. Бұл жолы түзеу мекемесіндегі тәртіпті қатаң бақылайтын жандардың есебінен бірнеше тонна көмір көп балалы отбасының ауласына жеткізіліп берілді. Қаржылық қиындықтан тауқымет шегіп отырған өскемендік көпбалалы ана түрме  қызметкерлеріне  өз мұңын шағып, қай жағынан болса да  көмекке зәру екеніндіктерін жеткізген. Бұған бей жай қарамаған олар қара отынның  5 тоннасын түсіріп беруге шешім қабылдаған. Айта кетейік, 156/22 түзеу мекемесі дәл осындай көмекті бұған дейін де көрсеткен. Көп балалы отбасының апатты жағдайда орналасқан бұл үйге көшіп келгендеріне үш жылдың жүзі болған. Үй ескіргендіктен қыстық отынды шамадан тыс жағуға тура келеді дейді. Дәл осы өтінішпен хабарласқан отбасыға мекеме қызметкерлері екінші жыл қатарынан көмір түсіріп,  көмек көрсетіп жатыр. Отағасының табысы бірнеше жанды асырауға кейде жеткенімен кейде жетпей қалады. Пәтер жалдап тұрып жатқан көпбалалы отбасының ендігі арманы - баспаналы болу.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...