ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Комиссия Құлынжон өзенін тексерді

17:15, 5 қазан 2021

Көкпекті ауданы, Самар ауылының тұрғындары әлеуметтік желіде видео жариялап, дабыл қағуда. Олардың айтуынша, осы өңірдегі Құлынжон өзенінің бойындағы тал-терек жойылып, өзенді алтын қазушылар «ластап жатыр». Сол себепті жақында ғана Мемлекет басшысы және облыс әкімінің тапсырмасымен құрылған комиссия бұл аймақты да тексеріп қайтты. Көкпекті ауданының әкімі Раджан Сейітқановтың айтуынша, 27 қыркүйек күні әлемжеліде Құлынжон өзенін белгісіз біреулер ластап жатыр деген бейнеролик тараған. Осыған байланысты ауданда щұғыл түрде жұмыс тобы құрылып, тексеру жүргізілген. Ал, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің бастамасымен құрылған арнайы комиссияға басқарма басшылары, департамент, инспекция жетекшілері енген. Облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев бастаған комиссия мүшелері өзенді қарап, одан сынама алынғанын хабарлады. Ол арнайы зертханаға тексеруге жіберілген. Комиссия мүшелері алда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын,  Құлынжон өзеніне, қоршаған ортаға қаншалықты шығын келгенін жіті анықтау керектігін айтады.

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар