ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Көмір қоры жеткілікті

13:31, 29 қараша 2021

Шығыс Қазақстан облысының халқын көмірмен қамтамасыз ету мәселесі өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында талқыланды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірде қысқы отын қоры жеткілікті.Халықты қыстық отынмен қамтамасыз етуде жыл сайын туындайтын өзекті мәселеле көмір қоймаларындағы ұзын-сонар кезек. Қыс басталысымен қайталанатын жағдайға мамандар бірнеше себепті алға тартады.Атап өтетін тағы бір себеп көмірді қоймаларға уақытылы жеткізбеу мәселесі. Нұрлан Рамазановтың айтуынша, шілде айынан бастап ШҚО бойынша мәлімделген 30 мың 530 вагонның 21% - ы, яғни 6 мың 393 ашық вагоны жеткіліксіз болған. Дегенмен, 1 қарашадан бастап жеткізу қызметі тұрақталып, бүгінде тәуліктік көмір қорын тасымалдау саны 30 вагонды құрайды. Қоймадағы қор да жеткілікті.Облыстағы көмірдің жылдық қажеттілігі 3 миллион 900 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде жылу көздері үшін 2 миллион 651 мың тонна, коммуналдық – тұрмыстық секторлар үшін 1 миллион 249 мың тонна қажет. Сонымен қатар, жоғарыда атап өткен мәселелер қайталанбас үшін өңірде жаңа көмір қоймаларын ашу жоспарлануда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар