ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

13:40, 4 наурыз 2021

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау күшейтіледі. Оның ішінде коллекторларға қатысты талап қатаңдап жатыр. Бұдан былай борышкерлерден ақша өндіру барысы бейнеге түсірілуі тиіс. Қазір қоғамда коллектор – қоқан-лоқы көрсетуші адам сипатында. Қаржы ұйымдарына қарызы барлар солай таниды. Астаналық Ардақтың да мазасын алған. Жалғызбасты ана банктен 180 мың теңгеге тауарлық несие рәсімдеген.  Бірақ, берешегін коллекторлар жауып тастап, әйелден өтемін сұрапты. Сес көрсетуінен бөлек түлкідей қу. Қулықтарына құрық бойламайды. Сондықтан борышкерлерді сақтандыратын заң жобасы бүгін екінші оқылымда мәжілісте мақұлданды. Онда коллекторлық ұйымдардың жөн-жосықсыз әрекетін тежейтін нормалар бар. КЕСТЕ: Бөтен телефон нөмірінен хабарласуға тыйым салынған. Борышкерлермен байланыс кезінде бейне-аудио жүргізуге міндеттеледі. Сондай-ақ олардың үшінші тұлға арқылы қызмет етуі шектеледі. Былтыр коллекторлардың үлкен былығы ашылды. Жеке сот орындаушылармен сыбайласып борышкерлерден заңсыз ақша өндірген. Оған 300 мың теңге сыйақы алып отырған. Бірақ, бәрі қолға түсіп, жеке сот орындаушылардың 17-сі жұмыстан қуылса, 40-қы күдікке ілінді. Бұдан кейін 172 коллекторлық ұйымның жұмысы тексеріле бастады.

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар