ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Колледждің оқу-өндірістік базасы ашылды

13:30, 16 шілде 2021

Катонқарағай ауданының Свинчатка ауылында Өскемендегі Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқу-өндірістік базасының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Алдағы уақытта жаңадан ашылған мекемеде болашақ мұғалімдер өндірістік іс-тәжірибеден өтеді. Лагерьге алғашқы жолдаманы тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардың балалары мен үздік студенттер алды. Педагогикалық колледждің оқу-өндірістік базасының ашылу салтанатына облыстық Білім басқармасының өкілі мен Катонқарағай аудандық Білім бөлімінің басшысы қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды. Студенттер жиналған қауымға арнайы дайындаған концерттік бағдарламаларын қойып, өнерлерімен тәнті етті. Биыл жұмысын бастаған жазғы лагерьде 33 студент тынығып әрі өндірістік іс-тәжірибеден өтуде. Олар үш топқа бөлінген. Әрбір топтың өз формасы бар. Қызыл түсті киімдегілер ішкі тәртіптің сақталуы мен күнделікті режимнің орындалуына жауапты тәлімгерлер. Бұл жұмыс оқытушылар мен 3-ші курсты үздік аяқтаған студенттерге жүктелген.  Болашақ ұстаздар мұнда 7 күн бойы табиғат аясында демалып, бір-бірімен пікір алмасып,  колледжде алған білімдеріне білім қосады. Спортта жоғары жетістіктерімен көзге түскен студенттер уақыттарын тиімді өткізіп жатқандарына дән риза. Бұл ғимарат 2013 жылға дейін Свинчатка ауылындағы негізгі орта білім беретін мектеп болған. Кейін жабылып қалған. Осы білім ошағында 30 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен тәжірибелі ұстаз Қарлыға Дүсіпова мен оның жолдасы қаңырап бос қалған мектепке бас-көз болған. Ғимараттың қайта жанданғанына қуанышты. Колледж басшылығы айналаны абаттандыру жұмыстарын қолға алмақ. Гүл өсіріп, бау-бақша егеміз дейді. Бұл да студенттерді еңбекке баулып, тәрбиелеудің бір жолы. Колледждің оқу-өндірістік тәжірибе базасы жыл бойы жұмыс істейді. Педагогикалық ұжым келесі жылы республикалық тәлімгерлер фестивалін осы жерде өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...