ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Қолайлы бағадағы өнімдер

13:32, 4 қазан 2021

Облыс орталығында Глубокое ауданынан келген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Күзгі маусымның қолжетімді бағадағы алғашқы азық-түлігі, көгөнісі мен жеміс-жидектері қала тұрғындарына ерекше қуаныш сыйлағандай. Табиғи таза әрі сапалы өнімді алғашқылардың бірі болып сатып алу үшін арнайы келген тұтынушылардың қарасы көп. Аталған жәрмеңкеде ет өнімдері лезде  саудаланып кетті. Фермерлер 10 бас ірі қара, 5 бас жылқы мен шошқа етін әкелген. Сонымен қатар, тұтынушыларға қажетті тауық өнімдерімен түрлі көгөністер нарықтағы бағадан бірнеше есе арзан бағада ұсынылған. Естеріңізге салсақ, ауылшаруашылығы жәрмеңкесі жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілерге делдалсыз ақ өнімдерін сатуға мүмкіндік береді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілген жәрмеңкеде тауар ұсынушылар бағаны қала тұрғындарының ыңғайына қарай қойған. Нарықтағы бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік беретін осындай жәрмеңкелер өнімді ұсынушылар мен тұтынушылар үшін де тиімді. Айта кетейік, адал еңбек етіп  маңдай терлерін төккен аудан фермерлерінің өнімдерін дәл осындай форматта ұсыну қаламызда дәстүрге айналған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар