ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Қоқыспен күрес

17:21, 21 шілде 2021

Бүгін облыс орталығы әкімшілігінің өкілдері, "Өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі операторы" ЖШС басшылығы, сондай-ақ экология белсенділері Өскеменде қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысымен танысты. Ауқымды жоба қашан іске қосылмақ? Бұл қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға көмектеседі ме? Өскеменде тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау зауытының құрылысы жалғасуда. Мамандар қазірдің өзінде кешенді жұмыстар легін жүзеге асырды. Алаңда ғимараттың іргетасы қаланып, коммуникациялар орнатылды. Қазір металл конструкциялардан жасалған корпусты монтаждауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғаннан кейін бірқатар экологиялық проблемалардан арылуға болады, - дейді жауапты сала өкілдері. 5 тамызда Грециядан алынған автоматтандырылған сұрыптау желісінің жабдықтарын монтаждау басталады. Қоқыс сұрыптау кешенінің қуаттылығы жылына 100 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеуге жететін болады. Барлық құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Қоқысты сұрыптау кешені өз жұмысын 30 тамызда бастайды деп жоспарлануда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...