ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

13:32, 8 сәуір 2021

Шығыс Қазақстанда су тасқыны кезеңінің алғашқы толқыны басталды. Қазіргі уақытта өңір бойынша су басу ықтималдығы жоғары 19 елді мекен анықталған. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен жиын барысында облыс аумағындағы қар еруінің болжамды барысы талқыланды. Қазіргі уақытта өткен жылғы тәжірибені ескере отырып, СЭС-нда суды ағызу мүмкіндігі сағатына 620 текше метрге дейін ұлғайтылды. Мамандардың мәліметі бойынша, бір аптадан кейін аймақтағы өзендерде мұз қалмайды. Бүгінде Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінде сең жүруді жеделдету үшін белсенді түрде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы Лайлы бөгеті де бақылауда тұр. Құрамында 25 адам бар авариялық топ ол жерде тәулік бойы кезекшілікте. Айта кету керек, облыс бойынша әзірленген арнайы эвакуациялық бекеттер керек-жарақпен толық қамтамасыз етілген. Ал су тасқыны қаупі бар учаскелерде жұмыс істеу үшін қажетті техника резерві екі есеге ұлғайтылды. 370 мотопомпа мен 2 412 бірлік техника төтенше жағдай туындағанда іске қосылмақ. Су басу қаупі басым елдімекендерде жұмылдыру топтары мен қажетті техника резерві әзірленген. Жұмылдыру резервінде  433 адам мен 84 бірлік техника,  134 мотопомпа бар. Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда. Су тасқыны болған уақытта әр деңгейдегі сценарийлер негізінде іс-қимыл алгоритмдері де әзір.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...