ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА? Толығырақ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

13:38, 5 сәуір 2021

Шығыс Қазақстанда мамандар тікұшақпен су тасқыны жағдайына байланысты мониторинг жүргізді.  Аймақта қазіргі таңда су басу қаупі басым елді-мекендер ерекше назарға алынған. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметовтің басшылығымен мониторинг барысында Бұқтырма, Красноярка, Глубочанка өзендерінің арналары әуеден бақыланды.  Өзендердегі су деңгейі қауіпті шектен төмен. Алаңдауға негіз жоқ дейді мамандар. ТЖД берген ақпаратына сүйенсек, облыс аумағында қар еритін кезең басталды. Өңірдің қар басқан ауданы соңғы 2 аптада 97% - дан 55%-ға дейін азайды. Жер тоңының жоғары қабатының еруі байқалады. Сонымен қатар жер тоңының бір метрден астам қатуы облыстың 6 ауданында: Күршім, Катонқарағай, Бесқарағай, Зайсан, Алтай және Бородулиха аудандарында сақталған. Сондай-ақ аймақтың жазық аумағындағы қар жамылғысының биіктігі 50 см-ден аспайды, тек Алтай ауданында 75 см жетеді. Су тасқыны болған жағдайда қалалар мен аудандардың әкімдіктері 109 мың данадан астам ыдыс-қап, 15  мың тонна инертті материал, 532 тонна жанар-жағармай дайындаған. Облыстық ТЖД мамандары қазіргі таңда көктемгі су тасқынына дайындықтың жоғарғы деңгейіне көшкен. Арнайы құрылған штаб та  іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуде. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
17:19, 6 сәуір 2021
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚОРҒАЛУДА?
Толығырақ...
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
13:40, 8 сәуір 2021
«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ
Толығырақ...