ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Көкөністердің бағасы қымбат

13:32, 8 маусым 2021

Жыл басынан бері азық- түлік бағасы бірнеше рет қымбаттады. Мамыр айының соңғы апталары картоп бағасының күрт қымбаттауымен ерекшеленді. Көкөніс нарықтағы құны бүгінде 280-300 теңгеге жетіп отыр. Жылда қайталанатын бұл жағдайдың алдын алу шаралары неге  төмен, бағағы жауапты сала  мамандары не дейді? Биылғы жылы қалада 1000 тонна картоп өндірілді. Тұрғындардың бау-бақшасындағы жеке өнімдеріне қарамастан  жылдың дәл осы кезеңінде картоптың бағасы  2 есеге қымбаттап кетеді. Саудагерлер  жағдайды қоймадағы қордың таусылуынан деп түсіндіреді. Бүгінде картоптың ғана емес сәбіз бен қызылшаның бағасы да 300 теңгеге жеткен. Баға бағынбауының жылдағы сценарийі тұрғындардың  ренішін тудыруда Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары көкөністердің бағасына қатысты ғана  жауап беретінін айтты. Қалған сұрақтарға ауылшаруашылығы секторы  жауапты. Алайда аталмыш сала мамандары сұхбат беруге келіспеді . Сауда дамыту секторы мамандары жағдайды алдын-ала болжап тиісті шараларды қабылдап жатқанын айтты, алайда нәтиже жоқ.  Көкөніс бағасының өсуі маусымаралық уақыттың аяқталуымен байланысты – деген жылдағы дайын жауаптарын алға тарты Айта кетерлігі биыл қала бойынша 3000 тонна көкөніс салынған, оның ішіне 850 тонна қырыққабат, 400 тонна сәбіз және 750 тонна пияз кіреді. Мұнымен қоса, мамандар  қала ішіндегі, павильондар санын арттыруды жоспарлап отырғанын жеткізді Кәсіпкерлік бөлімінің мамандары келесі жылы өндірілетін картоптың мөлшері 50 пайызға артатынын айтты. Себебі бағаның шарықтауын, қарапайым тұрғындар мен зейнеткерлердің қалтасы көтермейді. Олар мәселе тезірек оң шешімін табады деп сенеді..

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...