ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

«Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған ақын - Өскеменде

17:15, 4 маусым 2021

«Көк тудың желбірегені». Өскеменде осындай атаумен белгілі ақын, ҚР мәдениет қайраткері Алмас Сақбаевпен кездесу өтті. Шара барысында ақынның шығармашылығы таныстырылды. Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл мереке 1992 жылы 4 маусымда бекітілген болатын. Атаулы күнге орай Өскеменге әйгілі "Көк тудың желбірегені" әнінің сөзін жазған ақын Алмас Ахметбекұлы келіп, жастармен жүздесті. Бұл әннің тарихы да өзгеше. Ақын көк туды Қытай мемлекетінен Атамекенге өтіп келе жатқанда шекарадан көреді. Самал желмен тербеліп, желбіреген көк туды көргенде айрықша тебіреніп, жүрегі елжіреп, бойын ерекше бір сезім билейді. Сол бір ғажап сәттен кейін «Көк тудың желбірегені» деген өлең жолдары бір сәт те ойынан шықпай қояды. Алмас Ахметбекұлының айтуынша, ән өзінің тарихи отанына келуді армандап жүрген басқа елдерде тұратын қазақтардың жүрек соғысы сияқты естіледі. Алмас Ахметбекұлы Шығыс Қазақстанда өтетін іс-шараларға  белсене қатысады. Шығармаларының көпшілігі жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятуға арналған. Сәрсен Аманжолов атындағы университет ұйымдастырған кездесуге қатысқан зиялы қауым өкілдері ақынды мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...