ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қойылымдарға дайындық үстінде

17:16, 21 қаңтар 2022

«Қызыл» аймақтағы өңірлердің қатары азаймай тұр. ШҚО-да коронавирустың таралу қарқыны бойынша осы қатарда. Бұл - театр жұмысына да өз әсерін тигізбей қоймады. Уақытша өнер ордасының есігі келушілер үшін жабылды. Алайда, актерлар көрермендерді сағына күтуде.

ШҚО драма театрының орыс труппасының көркемдік жетекшісі- Роман Степенский актерлардың қазіргі таңда немен айналысып жатқандығы туралы айтып берді. «Жаңа қойылымдарға дайындық үстінде, оған қоса ескі спектакльдерді пысықтаудамыз»,-дейді ол. Мысалы, "Лада или радость" премьерасы бойынша қызу жұмыс басталып кетті. Бұл тамаша туындының авторы - ақын, аудармашы, Тимур Кибиров.

Жаңа қойылымнан бөлек, халықтың көңілінен шыққан ескі қойылымдарды да сахна саңлақтары ұмытқан жоқ. Дайындық жұмыстарын бір мезетке де үзбеген. Бүгін олар «Жалғыз мұрагер» атты спектальге дайындық үстінде. Қойылымның қоюшы-режиссері Андрей Воронин. Ал, басты рөлдердің бірін сомдаушы Сергей Засорин.

 «Единственный наследник» комедиясының премьерасы 19 ақпанға жоспарланған. Ал, көрермендер  "Лада, или радость" қойылымын наурыз айында тамашалай алады.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...