ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП БАСТЫ НАЗАРДА

17:15, 9 сәуір 2021

Өркениетке жетудің алғышарттарының бірі – құқықтық мемлекет құру. Еліміз егемендік алғалы құқық қорғау саласында көптеген реформалар жүргізіліп, заң нормалары заман ағымына сай жетілдірілуде. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың алдын алып, қылмыстық іс-әрекеттердің айтарлықтай азаюына мүмкіндік беруде. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері Семейде қылмыс деңгейі 10 пайызға төмендеген. Семей қалалық полиция басқармасының басшысы Шалқар Құнанбаевтың еңбек жолының басталуы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен тұспа-тұс келеді. 29 жылдан бері Ішкі істер органдарында қызмет етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып келеді. Айтуынша, құқық қорғау саласының дамуын Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстыруға келмейді. Бұрындары ақпараттық жүйе қағаз түрінде жүргізілсе, бүгінде бұл процестің басым бөлігі электронды форматқа көшірілген. Мұнымен қоса материалдық-техникалық базаның да жабдықталуы жоғары деңгейде, -дейді ол. Тәуелсіздік жылдарында Елбасының бастамасымен саланы барынша дамытып, құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында көптеген реформалар жүргізілді. Заң нормалары мен ақпараттық-технологиялық жүйенің жетілдірілуі заң бұзушылықтардың азаюына мүмкіндік берді. Полиция қызметкері әділеттілікті ту етіп, адам құқықтарының бұзылуына жол бермеуі тиіс. Оларға бүгінгі жүктеліп отырған міндет - халыққа барынша танымал болып, құқықтарын белсенді қорғау. Бұл мақсатта  «Жұртқа жақын полиция» қағидаты жүзеге асырылуда. Шалқар Құнанбаевтың айтуынша, құқық қорғау саласының қызметкерлері үшін қоғамдық тәртіп қашан да басты назарда. Бұл ретте сіз бен біздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, заңдылық пен тәртіпті нығайтуда тәртіп сақшыларының еңбегі орасан зор екенін аңғару қиын емес.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар