ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Қоғамдық тәртіп бақылауда

13:30, 14 қаңтар 2022

Бүгінгі таңда өңірдегі жағдай тұрақталды. Дегенмен, полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қызмет атқаруды ерекше режимде жүргізуді жалғастыруда. Бір тәулікте облыс бойынша «102» арнасына 592 өтініш түскен. Аймақта 16 қылмыс жасалған, 12-сі ізі суымай ашылған. Еске сала кетейік, бұрын белгіленген шектеулермен "Төтенше жағдай" режимі жалғасуда.Сағат 23.00 – ден 07.00 – ге дейін өңірде коменданттық сағат жұмыс істеп тұр.

Республикалық жедел штаб облыс  аумағында терроризмге қарсы операцияны аяқтау туралы шешім қабылдады. 5 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша 406 әкімшілік хаттама толтырылып, 341 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал бір тәулік ішіндегі көрсеткішке келер болсақ, осы бап бойынша 31 хаттама толтырылған. 9 адамға тиісті шара қолданылған.

Қылмыстық істер бойынша ұсталғандардың саны 94 адамға жетті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КӘСІПКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН
13:35, 25 мамыр 2022
КӘСІПКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ ДАЙЫН
Толығырақ...
ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ  СЕМИНАР-КЕҢЕС
13:33, 25 мамыр 2022
ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР-КЕҢЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
17:15, 19 мамыр 2022
ӨЗБЕКСТАНДА ШЫҰ-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ТУРИСТІК ҰЙЫМДАРЫ БАС...
Толығырақ...